Мемлекет басшысының «Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы» жарлығының аясында 10 нақты Ұлттық жоба анықталғаны белгілі. Бұлардың қатарында «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы бар. Ұлттық рухани жаңғыру - ұлт болып қалыптасудағы ұлы қадам, мемлекетіміздің рухани дамуындағы бірден бір көрсеткіш. Аталған жобаның алға қойған мақсаттары ретінде мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және отандық мәдени өнімді танымал етуде маңызы зор.
Бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру аясында және маңызды іс-шаралар арқылы көпшілікті, қоғамды, білім беру ұйымдарының білім алушыларын қамти отырып, пайдалы іс - шаралар өткізу мақсатында білім бөлімі тарапынан 8 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға қаражат бөлінді. Олар: «Құқықтық сана - қоғамға пана», «Адал ұрпақ - жарқын болашақ кепілі», «Жаз қызығы таусылмасын», «Ел ертеңі - көшбасшылар», «Ұлы елдің ұландары», «Отбасы - тәрбие мектебі», «Өміріңді мағынаға толтыр» және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Үміт» әлеуметтік жобалары. Аталған жобаларға мемлекеттік қызмет көрсету арқылы мемлекеттік сатып алу байқауы жарияланатын болады.
Бүгінгі күні ережеге сәйкес, әлеуметтік жобалардың тиімділігіне мониторинг жасау және бағалау жүргізу мақсатында Сараптамалық топ құрамын жасақтау жүргізілуде.

