2023 жылдың 17-қазанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Арқалық қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мамандарымен бірлесіп мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына мектеп директорлары, тамақты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерлер мен мектеп медбикелері қатысты. Семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
https://arkalyk.edu.kz/ob-otdele/p%C4%B1tan%C4%B1e-oralbb/8914-%D1%82%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83%D0%B4%D1%8B-%D2%B1%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%83%D2%93%D0%B0-%D2%9B%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BF%D1%82%D0%B0%D1%80-2.html#sigFreeId3b1366ecfb

