«Мың бала» - ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін қолдауға, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін академиялық қабілеті бар оқушыларды іріктеуге бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.
Үшінші жыл қатарынан «Мың бала» олимпиадасы қабілетті ауыл оқушыларын анықтап келеді.
Ағымдағы жылда 28 сәуір күні офлайн форматта ауыл мектептері үшін Ұлттық зияткерлік «Мың бала» олимпиадасының ІІ кезеңі математикалық сауаттылық, қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), орыс тілі (оқыту орыс тілінде жүргізілетін оқушылар үшін), ағылшын тілі және жаратылыстану бойынша академиялық білімді бағалауға компьютерлік тестілеуден өткізілді.
Қорытынды бойынша Родина жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы - Дәнен Шыңғыс ІІ кезең жеңімпазы атанды.
Ең үздік нәтиже көрсеткен жеңімпазға ҚР Білім және ғылым министрлігінің квотасына сәйкес, Республикалық физика-математикалық мектепте, «Білім-инновация» лицейлерінде және «Дарын» мектептерінде білім алу мүмкіндігі беріледі. Міне, Дәнен - осы керемет мүмкіндікке ие болды.
Биылғы балалар жылында жеткен жеңісімен Дәненді құттықтай отырып, алдағы уақытта да үздік көрсеткіштер мен жеңістер тілейміз!
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8721-%C2%AB%D0%BC%D1%8B%D2%A3-%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%C2%BB.html#sigFreeId4c88e27cce

