08 Маус 2022
Жаңалықтар

2021 жылғы 6-11 маусым аралығында «Дарын» жазғы бейіндік лагерінде қашықтан сабақтар өткізіліп, оның жұмысына Қостанай облысы мектептерінің 7-9 сыныптарының 142 оқушылары қатысуда

Бейіндік лагерьдің қатысушылары - әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысқысы келетін аудандық және қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері мен қатысушылары.

Лагерьде жұмыс жасау  үшін Қостанай, Арқалық, Рудный қалалары мектептерінің, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты және оқушыларды әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындауда мол тәжірибесі бар жоғары оқу орындарының педагогтері шақырылды.

Сабақтар математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша өткізілуде.

Лагерь қатысушылары сертификаттарға, ал олимпиада қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен балалар  «Қостанай дарыны» ӨҒПО I,II және III дәрежелі дипломдарға ие болады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар