Театр - тәрбие бесігі, ағымдағы жылдың 05-ші қазан күні "Үндестік" жобасы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің ата-аналары, оқушылары мен мұғалімдері ұлт ұстазының тағдырын бейнелеген "Не жазып ем" атты қойылымның тұсаукесеріне куәгер болып қайтты.
Бала тәрбиесінде театрдың алар орны ерекше. Тарихын, әдебиетін, мәдениетін ұлықтайтын ұрпақтарымыз қалыптаса берсін.

