2022 жылдың 7-қазанында Арқалық қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен тәжірибе алмасу, кәсіби шеберліктерін шыңдау және психологиялық-әдістемелік қолдау мақсатында «Жас мамандарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарда қалалық білім бөлімінің басшысы Е.Ж.Мәметеков жас мамандардың жұмыстарына табыс тілеп, кіріспе сөз сөйледі.
Қалалық білім бөлімінің психологы Құрманғалиева Д. жас мамандарға тренингтер өткізіп, психологиялық жұмыстардың тиімді әдіс – тәсілдерін таңдау, жүйелі жұмыс жүргізу жолдарын түсіндірді. Жас мамандар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

