Арқалық қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2022 жылдың 11 қазаны күні білім бөлімінің әлеуметтік тапсырысын орындау мақсатында «Адал ұрпақ - жарқын болашақ кепілі» қалалық «Адал ұрпақ» клубтарының слёті өткізілді. Слетке қала және ауыл мектептеріндегі «Адал ұрпақ» клубтарының жетекшілері мен мүшелері қатыстырылды. Слёттің пленарлық бөлімінде өткен оқу жылы барысында белсенді жұмыс жасап, нәтижеге қол жеткізген Ы.Алтынсарин атындағы гимназия мен А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының клуб жетекшілері баяндама жасап, секциялық бөлімде ашық сабақтар берді. «Дебат» ойынынан шеберлік сабағы көрсетілді. Биылғы жылы клуб мүшелігіне жаңадан қабылданған оқушыларды «Адал ұрпақ» клубы мүшелігіне салтанатты түрде қабылдап, әр мектептің 1 белсенді оқушысына клуб төсбелгісі тағылды. Клуб мүшелігіне қабылданған оқушылар ант қабылдады.
Слёт соңында белсенді атсалысқан ұстаздар мен оқушылар білім бөлімі басшысы мен «Жасұлан» қоғамдық бірлестігінің алғыс хаттарымен марапатталды.

