10 Сәу 2024
Тамақтану Образовательный портал города Уральск

«Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі»

2024 жылдың 1-10 сәуірі аралығында білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес мектептерде «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» тақырыбында онкүндік өткізілуде. Жоспар негізінде ұйымдастырылған іс - шарада дұрыс тамақтанудың жолдары насихатталып, зиянды тағамдардың адам ағзасына кері әсері жөнінде білім алушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде білім алушылардың түсінігін қалыптастыруда диктант, сауалнамалар алынып, мектеп медбикелері мен психологтардың қатысуымен ата - аналарға арналған кеңес сабақтары, қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселеге айналған артық дене салмағының туындауы жөнінде бейнероликтер көрсету жүзеге асуда. Алдағы уақытта жоспар бойынша барлық жұмыстар жүйелі түрде атқарылады.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар