28 Нау 2022
Жаңалықтар

2022 жылдың 25-наурызы күні "Аманат" партиясы қалалық филиалының отырысы өткізілді

2022 жылдың 25-наурызы күні "Аманат"  партиясы қалалық филиалының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде "Білім беру саласында жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар"  мәселесі қаралып, білім бөлімі, гимназия және #4 орта мектептердің есебі тыңдалды. Жыл барысында білім беру саласы бойынша қаражаттың мақсатты жұмсалуы, заңдылықтың қатаң орындалуы мен мектеп жасында өскелең ұрпақ бойында адалдық, жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан тәрбиелік жұмыстар жөнінде баян етілді. Жиналысты қорытындылаған "Аманат"  партиясы қалалық филиалының төрағасы С. Нұрсалыұлы және жиналысқа төрағалық еткен мәслихат депутаты А. Ахметжанов атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды және мұндай жиналыстар алдағы уақытта бірінші басшылардың қатысуымен өткізілетіндігін атап өтті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар