«Арқалық қаласының білім бөлімі»ММ-нің 2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жаңашыл технологияларды тиімді қолдану арқылы педагогикалық шеберлікті шыңдау» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: математика пәні мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету, кәсіби шеберліктерін шыңдау және жаңаша оқыту әдістерін тиімді қолдану
Семинарға қала және ауыл мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысты. Семинар барысында пән бойынша ашық сабақтар беріліп, түрлі әдіс-тәсілдерді, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып көрсетілді. Семинар соңында қатысушылар тарапынан мектеп ұжымына оң пікір білдірді. Алдағы уақытта мұғалімдерге шығармашылық табыстар тілейміз!
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8717-janshaliktehnologiya.html#sigFreeIdb0b393f6bf

