Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның оқушылары - Дүйсеков Даниил химия пәні бойынша ІІ орын, жетекшісі – Абдибекова Жанагул Туленгазиевна және Лис Валерия география пәні бойынша ІІІ орын, жетекшісі – Пэк Александр Викторович облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылған марапаттау рәсіміне Қостанай қаласына барды.
Жеңімпаздарды көтермелеу мақсатында жүлдегерлерге ақшалай сыйақы берілді.
Облыс әкімі жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және оларды дайындаған ұстаздарды марапаттап, алғыс хаттар табыстады.
Жеңімпаздар және білікті, білімді жетекшілерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8722-2022jyldyn1mausym.html#sigFreeId2534fa7f95

