Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы қосымша білім беру ұйымдарының жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.
Осындай мақсатта Арқалық каласы Қосымша білім беру орталығының «Қазақстан балалары-Жазды қуанышқа толтырайық» атты жазғы лагерінде тамыз айының 4-ші жұлдызында «Бояулар сыры» атты қалалық сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін ортаға сала отырып, танымдық қабілеттерін арттыру, сезімталдық қабілеттерін ояту, өнерге қызықтыру. Аталған байқауда оқушылар жаз мезгіліне байланысты еркін тақырыпта А3 форматта суреттер бйнеледі. Іс-шараға қаламыздың мектептерінен оқушылар қатысып, ерекше бейнелеу өнерін көрсетті. Байқаудың ережесіне сәйкес салынған суреттер бағаланып, байқаудың нәтижесі жасалды. Оқушылардың салған шығармашылық жұмыстары әр түрлі бояу құралдарымен бейнеленіп, тақырыпқа сай өздігімен ерекше жұмыстар болды. Байқауға қатысқан мектеп оқушыларының арасынан тамаша жұмыстарымен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Орын иегерлері орталығымыздың сыйлықтары мен мадақтама қағаздарымен марапатталды.
Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8730-jazgy-demalys.html#sigFreeIdae5726c4c0

