10 Тамыз 2022
Жаңалықтар

Қызықққа толы жаз айы

Қызықққа толы жаз айы.

     Балалар үшін жазғы демалыстың орны қандай ерек екені баршамызға мәлім. Ал осы демалысты пайдалы әрі қызықты етіп өткізуде жазғы сауықтыру лагерінің  маңызы орасан зор.  Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында  жыл сайын  әр түрлі іс-шаралар өтуде. Биылғы жылыда бұл дәстүр өз жалғасын тапты. Жазғы лагеріміз «Қазақстан балалары-жазды қуанышқа толтырайық!» бағдарламасы шеңберінде  өткізілді. Лагеріміздің  ІІІ ауысымының ашылуы  қазақтың  ұшқыш азаматы,Кеңес одағының екі мәрте  батыры, генерал-майор  Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл  толуына орай    қала мектеп оқушылары арасында  «Кім жылдам?»  атты спорттық эстафета сайысы  өтті. Сайыс  Арқалық қаласы қорғаныс істері бөлімі және ішкі істер бөлімімен бірлескен түрде өткізілді. Сайыс басталмас бұрын  Арқалық қаласының  қорғаныс істері жөніндегі бөлім  басшысы капитан   Бозаев Аян Тәттібайұлы сөз сөйлеп,оқушыларға сайысқа сәттілік тілеп, батыр атамыз Т.Бигелдинов туралы қысқаша  мәліметтер беріп өтті. Спорттық эстафеталық сайысымыз

 3-кезең бойынша  өткізілді. Оқушылар белсене қатысып,өздерінің ептіліктерін көрсете білді.Спорттық эстафета сайысы  қызықты да,тартысты өтті. Сайыстың спорт нұсқаушыларының  қорытындысы бойынша мектептер мынадай орындарға ие болды:

І орын: М.Әуезов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп командасы.

ІІ орын: А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы командасы.

ІІІ орын: Кейкі батыр атындағы №4 мектеп командасы ие болды.Барлық орын алған командаларға  Арқалық қаласы қорғаныс бөлімінің мадақтамасы мен естелік сыйлықтары табыс етілді. Алдағы уақыттада осындай көлімді іс-шаралар өз жалғасын таба бермек.

Инабат Жәмелова

Қосымша білім беру педагогі.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар