2022 жылдың 13 - 14 қыркүйегі күндері «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚБ өкілдерімен бірлескен түрде мектептерде оқушылар арасында ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттандыру жұмысының негізгі бағыты - оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, түрлі зиянды әдеттердің зияндылығын түсіндіру. Түсіндіру жұмыстары барысында бүгінгі күні жастардың арасында орын алып отырған түрлі зиянды заттардың түрлері, зияндылығын, одан қорғанудың жолдары түсіндірілді. Іс-шара соңында бейнефильм көрсетіліп, қатысушы оқушылардан сауалнамалар алынды.
14 - қыркүйек күні мектеп психологтарының қатысуымен «Түрлі зиянды заттармен күресуде мектеп психологтарының іс-әрекеті» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында зиянды әдеттермен күресудің маңызды екеніндігін айта отырып, тәжірибе алмасу мақсатында бірнеше мысалдар мен жұмыс түрлері ұсынылды. Қатысушыларға деректі фильм көрсетіліп, өзара талқылау жүргізілді.
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8742-as8c9ac9a9c9a8c.html#sigFreeIdf913400003

