«Психологиялық қолдау және Қосымша білім беру өңірлік орталығы» ҚММ 2022 -2023 жылдарға арналған балалар құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлы- зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасын орындау аясында 2022 жылғы 23 қыркүйек күні «Жедел стресстің жарақаттан кейінгі стресстің және дағдарыс жағдайындағы психологиялық көмек. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу. Кешенді тәсіл» тақырыбында педагог-психолог мамандарына семинар- практикум өткізді. Барлығы 58 адам қатысты, 32 маман қала мен ауыл мектеп педагог-психологтары, 26 маман Аманкелді мен Жангелді аудандарының педагог-психологтары .Семинар-тренинг мемлекеттік және орыс тілдерінде, оқыту формаларын қолдана отырып өткізілді.


