Ағымдағы жылдың 29-шы қыркүйегі мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» атты мерекелік концерті өткізілді.
Мерекелік концертке қала әкімі Әмірхан Біркенұлы Асанов қатысып, ұстаздарымызды мерекесімен құттықтап, 2022 жылдың 12-25-ші қыркүйегі аралығында өткізілген Республикалық «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңінің төмендегі жүлдегерлерін құттықтады:
І орын иегері:
1.Молдрахметова Роза Карбозқызы - Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның тарих пәні мұғалімі;
ІІ орын иегері:
1.Қоңыршина Ерсін Серікқызы – Ыбырай Алтынсарин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
ІІІ орын иегерлері:
1.Киікбаева Алтын Тоқтасынқызы – Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәні мұғалімі;
2.Дзюба Ольга Николаевна – учитель начальной гимназии имени Ахмета Байтурсынова;
3.Мұханбетжанова Гульбара Рамазанқызы – Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебі, тарих пәнінің мұғалімі.
«Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарына куәлік пен ақшалай сертификаттар табысталды.
Сондай –ақ, Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін Арқалық қаласы әкімінің грамотасымен, Білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін Арқалық қаласы әкімінің алғыс хатымен, Білім беру саласындағы жемісті еңбегі үшін Қостанай білім басқармасының грамотасымен көптеген ұстаздар марапатталды.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Биылғы жылғы концерттік бағдарлама былтырғы жылғыларға қарағанда ерекше форматта өтті. Ұстаздар мерекесінде қалалмыздың мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары экран арқылы құттықтауын жолдаса, мекеме қызметкерлері мен оқушылар ән шашуларын арнады.
Ұстаз! Қандай қасиетті сөз, ұстаз деген ұлық есім, адамзатты тек білімге ғана емес, сондай-ақ кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа , адамгершілікке тәрбиелейтін мамандық иелерінің алдында біз қашанда қарыздармыз және оларға алғысымыз мол!
Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті ұстаздар!
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8768-fsvxtrseawxth.html#sigFreeId1102371998

