07 Қаз 2022
Жаңалықтар

Үздік мектеп медиаторы-2022

2022 жылдың 16 - 21 қыркүйегі аралығында «Үздік мектеп медиаторы-2022» облыстық байқауының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Байқауға қала және ауыл мектептері 4 номинацияда өз жұмыстарын ұсынды. Атап айтар болсақ, «Жанжал және оны шешу» суреттер, «Мектеп медиациясы қызметінің логотипі», «Жанжал және оны мектеп медиация қызметіндегі шешу» бейнеүзінді және «Медиатор - келіссөздер шебері» эссе номинациялары.

Байқаудың қалалық кезең қорытындысы бойынша үздік атанған Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 9 сынып оқушысы Шайкамал Жанболаттың жұмысы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Байқаудың облыстық кезең қорытындысы бойынша гимназия оқушысының жұмысы жүлделі II орынды иеленді. Құттықтаймыз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар