07 Қаз 2022
Жаңалықтар

Рейд

Білім бөлімінің жоспары бойынша 2022 жылдың 5 қазаны күні қалалық «Түнгі қаладағы балалар» рейді өткізілді. Рейд қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция тобымен біріккен түрде өткізіліп, құрамында мектеп инспекторлары, білім бөлімінің мамандары мен әдіскерлері болды. Рейд мақсатына сәйкес, беймезгіл уақытта кәмелеттік жасқа толмаған мектеп оқушыларының кешкі сағат 23.00 кейін үйінен тыс жерлерде болуына жол бермеу және түнгі ойын-сауық отауларында, спорттық алаңдарда, компьютерлік ойын және қоғамдық орындарда мезгілсіз жүрулерінің алдын алу бойынша бақылау жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар аталған орталық қожайындарына түсіндіріліп, ескерту жасалынды. Алдағы күндері түнгі кезекшілік жиі ұйымдастырылатын болады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар