Күн тәртібінде «2022-2023 оқу жылының I тоқсанының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім сапасының қорытындысы», «Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалаудың тиімділігі», «2022 - 2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған іс-шаралар жоспары», «Үздік тарихшы - 2022» байқауының ережесін талқылау және ағымдағы атқарылатын жұмыстар бойынша мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша мектептер есеп беріп, баяндама жасады және өзара тәржірибе алмасты. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізілетін пәндік олимпиадаға әзірлік жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілді.

