08 Қар 2022
Жаңалықтар

"Волейбол" жарысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 01-қарашасында Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінде ұлт ұстазы, Алаш қайраткері А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына және осы аталған мектептің 60 жылдық мерейтойына орай қала және ауыл мектептері ұстаздары арасында "Волейбол" жарысы өткізілді. Спорттық жарыстың ашылу салтанатына "Арқалық қаласы білім бөлімі" ММ басшысы Е.Ж.Мәметеков және білім бөлімінің әдіскері О.Ғ.Даркенов құттықтау сөз сөйлеп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Волейбол жарысында  білім бөліміне қарасты мектеп ұстаздарынан құралған 13 волейболшылар командалары бақтарын сынады.
Салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау мақсатында өткізіген тартысты жарыстың нәтижесінде 1-орынды Восточный мектебінің ұстаздары, 2-орынды А.Құнанбаев атындағы мектеп - гимназиясы, 3-орынды Ы.Алтынсарин атындағы гимназия ұстаздары иеленіп диплом, кубок және медальдармен марапатталды.
Пайдалы ақпараттық ресурстар