08 Қар 2022
Жаңалықтар

Құттықтаймыз!!!

Ағымдағы жылдың 4 қарашасы күні «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі болып өтті.

Конкурстың мақсаты: оқушылардың назарын экологиялық проблемаларға аудару, жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы оқушылардың экологиялық құзыреттілігін дамыту, туған өлкенің табиғатына экологиялық мәдениет пен оң экологиялық қатынасты қалыптастыру.

Байқау төрт бағыт бойынша өткізілді:

  1.  «Туған өлке табиғаты»;
  2.  «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем»;
  3.  «Үздік экологиялық бастама»;
  4.  «Таза қала сізден басталады».

«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленген Берік Кәусарды (Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 7 сынып оқушысы) жеңісімен құттықтаймыз!

Жетекшісі – Ахмедина Ақтоты Қабдрашитқызы.

Алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар