14 Қар 2022
Жаңалықтар

«Психологиялық қызметті ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу» тақырыбында қалалық семинар өткізд

2022 жылдың 10 қараша күні "Арқалық қаласының білім бөлімі" ММ және "Жас-Ұлан" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық ұйымы бірлесе отырып «Психологиялық қызметті ұйымдастыру және кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын-алу» тақырыбында қалалық семинар өткізді.

Мақсаты: Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесі мен мектептегі психологиялық қызмет жұмысын жан-жақты жандандыру деңгейін арттыру.

Бұл семинарға 97 маман қатысты, оның ішінде: мектеп директорларының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, психолог мамандары және семинар қонақтары мен баяндамашылар болды.

Семинардың басында «Арқалық қаласының білім бөлімі» ММ басшысы – Есламбек Жеңісұлы сөз сөйлеп, бүгінгі семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинарға Астана қаласының "SAMGA" психология орталығының жетекшісі клиникалық психолог, психология магистрі-Мұқатаева Айгүл Жаңабайқызы қонақ ретінде арнайы келіп қатысып, баяндама оқыды.

Тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.

Барша қатысқан ұстаздарымыз бен қонақтарымызға алғыс білдіреміз!

Пайдалы ақпараттық ресурстар