Аталған челленджге қаламыздың қала - ауыл мектептерінен 56 жұмыс ұсынылды. Қорытынды бойынша екі оқушымыз бен жетекшісі Алғыс хатпен марапатталды. Олар - Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 7 сынып оқушысы Әбжан Нурикамал (жетекшісі Тұрысбек Нұрдана Дәуренбекқызы) және Кейкі Батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы Ибрагим Іңкәр (жетекшісі – Қасымхан Балнұр Біржанқызы). Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Алғыс хатын қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қожақова Жанат Хасенқызы табыстады.
Алдағы уақытта еліміздің ұлттық рухани құндылықтарын бағалайтын нағыз өз елінің патриоты болатындарына сенім білдіре отырып, осы оқу жылында оқуларыңызға сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8814-den-respubliki.html#sigFreeId6b9a1e4e09

