21 Қар 2022
Жаңалықтар

22.10.22 ж. "Фемида" дебат клубының ұйымдастыруымен қала және ауыл мектептер арасында республикаға күніне арналған "Менің Отаным - Қазақстаным!" атты қалалық турнир өтті

Турнирге 16 команда қатысып, өз бақтарын сынады. Турнир қорытыңдысы бойынша: 1 орын - Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның "Алаш" фракциясы иеленді.

2 орын - Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның "Ыбырай шәкірттері"

3 орын - Кейкі батыр атындағы №4 орта мектебі иеленді.

Турнирдің "үздік спикері" Мырзаболатова Айжан жеңді.

Ағымдағы жылдың 03 желтоқсан күні Қостанай облысы әкімінің жүлдесіне оқушылардың облыстық «BOLASHAQ» пікірсайыс турнирі өткізіледі. Осы турнирге Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның мына оқушылары - Мырзаболатова Айжан және Иманғазы Мөлдір барып қатысады. Жетекшілері - Алимбаева Ақерке Бақытбекқызы.

Оқушыларымызға сәттілік және жеңіс тілейміз!!!

Пайдалы ақпараттық ресурстар