21 Қар 2022
Жаңалықтар

«Физика пәнінен зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті

Ағымдағы жылдың 18 қарашасы күні Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институы «Физика, физика және информатика» білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен физика пәні мұғалімдері үшін «Физика пәнінен зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: қазіргі заманның талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Семинардың міндеттері:

  • инновациялық білім беру технологияларын пайдалану жолдарын анықтау;

  • оқушылар бойына физика ғылымына деген танымдық, шығармашылық және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.

Күн тәртібінде:

  1. «Физика сабағында TBL технологиясын қолдану тиімділігі» - Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қоянды №2 ЖББМ - нің физика пәні мұғалімі – Шакерхан Н және 3 - 4 сынып оқушылары.

  2. «Физика пәнінен виртуалды лабораторияның тиімділігі» - Амангелді ауданы, Нұрманов атындағы ЖББМ - нің физика пәні мұғалімі – Батырхан Д және 3 - 4 сынып оқушылары.

  3. «Физикадан сапалы білім берудегі зертханалық жұмыстардың орны» -

«Физика, физика және информатика» білім беру бағдарламасының аға оқытушы, магистр – Тулегенова А.

  1. «Кешегі және бүгінгі зертханалық жұмыстардың арасындағы сабақтастық» - «Физика, физика және информатика» білім беру бағдарламасының оқытушы, магистр - Ұлысбаев Е.

  2. «Үй жағдайындағы демонстрациялық жұмыстар» - «Физика, физика және информатика» білім беру бағдарламасының аға оқытушы, магистр - Шонгалова К.

Семинарда білім берудің жаңа технологиясын пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды орындаудың болашақтағы даму бағыттары айтылып және физика пәні мұғалімдері зертханалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру туралы мол мағлұмат алып пікір алмасты.

Пайдалы ақпараттық ресурстар