23 Қар 2022
Жаңалықтар

«Математика және физиканы оқытуда қолданылатын цифрлық технологияның тиімділігі» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласының  білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен математика және физика пәні мұғалімдеріне «Математика және физиканы оқытуда қолданылатын цифрлық технологияның тиімділігі» тақырыбындағы аймақтық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: математика және физика пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыруда тиімді платформаларды қолдану.

Семинар барысында:

  1. «Заттың тығыздығы. Сандық және сапалық есептер шығару» - Жабағы Е.Ғ. физика пәні мұғалімі.
  2. «Аралас сандарды қосу және азайту» - Кокишева А.М. математика пәні мұғалімі.
  3. «Квадрат теңдеулерді шешу» - Баяхметова К.Б. математика пәні мұғалімі.
  4. «Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Дененің салмағы салмақсыздық» - Қалиев Е.Қ. физика пәні мұғалімі.
  5. «PISA тапсырмаларының оқушы бойындағы функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі»шебер сыныбы – Нұрлыбекова Л.И. және Байкенова Қ.Е.
  6. «Пәнді оқытуда күрделі оқу мақсаттарға сәйкес сабақты ұйымдастыруда тиімді платформаларды қолданудың маңыздылығы»шебер сыныбы – Жабағы Е.Ғ.

Қазіргі кезде АКТ-ны дамыту білім берудің бір бөлігі. Жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Семинарда заман ағымына сай мұғалімдер ашық сабақтармен шебер сыныптарда компьютер, интербелсенді тақта,электронды бейнелер және аудио қондырғыларды пайдаланып, түрлі платформалармен оқушының қызығушылығын ояту мақсатында әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабақ көрсетті. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік беретіні туралы біраз ақпараттар айтылды.Семинарға Амангелді ауданы және Арқалық қаласы білім бөлімдеріне  қарасты мектептерінің математика және физика пәні мұғалімдері келіп мол тәжірибе жинақтап, мектеп ұжымына оң пікір білдірді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар