23 Қар 2022
Жаңалықтар

Құттықтаймыз!

Бүгін, яғни 23 қараша күні жалпы білім беретін пәндер бойынша зерттеулік жобалар республикалық конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. Облыстық кезеңге 7 оқушымыз қатысып, оның 4-і жүлдегер атанды. Олар:

І орын - Марякова Дильназ, Арқалық қаласы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы (қазақ тілі бағыты бойынша), жетекшісі – Шайхы Гулдана Ақылбайқызы;

ІІ орын - Елубай Думан, А.Макаренко  атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы (Қазақ тілі және әдебиеті бағыты бойынша), жетекшісі - Ораз  Айшат Рамазанқызы;

ІІ орын – Сейтбаттал Мәдина, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы (қолданбалы математика бағыты бойынша), жетекшісі - Баяхметова Қаламқас Бериковна;

ІІІ орын - Абдигапарова Дарина, Ы. Алтынсарин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы (тарих бағыты бойынша), жетекшісі - Молдрахметова Роза Карбозовна.

 

Оқушыларымызды және жетекшілерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаз үмітін ақтар өздеріңіздей шәкірттеріміз көп болсын!

Пайдалы ақпараттық ресурстар