26 Қар 2022
Жаңалықтар

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 24 - қараша күні Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта мектептің ұйымдастыруымен «Үштік одақтың тиімді ықпалдастығы арқылы оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында

Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 24 - қараша күні Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта мектептің ұйымдастыруымен «Үштік одақтың тиімді ықпалдастығы арқылы оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру» тақырыбында қалалық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жас мамандарға арналған қалалық семинар өтті. Семинар барысында мектептің құқықтық тәрбие беру бағытындағы жұмыс жүйесі жөнінде тәрбие орынбасары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен мектеп жетістігін атап көрсетті. 
Семинар бағдарламасына сәйкес, сынып жетекшілер ашық тәрбие сағаты, сыныптан тыс іс-шараларын өткізді. Іс-шаралардың мазмұны оқушылардың бойында адалдық, жанашырлық, құқықтық сауаттылық пен тәрбиенің басты құндылықтарын оқушылардың бойыңа сіңіруге бағытталды. Сонымен қатар А. Құнанбаевтың қара сөздеріндегі және балалар әдебиетінің классигі Б. Соқпақбаевтың шығармаларындағы тәрбиелік қасиеттерге педагогикалық тұрғыдан талдау жасалып, тәрбиелік ұстанымдар мен қағидаларды оқушылар бойына сіңіруде жұмыстың тиімді әдістері көрсетілді. 
Оқушылардың бос уақыттарының тиімді ұйымдастырылуы жөнінен клуб, үйірме жұмыстарынан сабақтар беріліп, ұстаздарға арналған коучинг өткізілді. Коучинг барысында ұстаздар бала тәрбиелеудегі түрлі жұмыс түрлерінен әдіс-тәсілдер көрсетіп, семинар соңы оқушылардың концерттік бағдарламасымен аяқталды. Қатысушылардың оң пікірлеріне сәйкес, семинар өз мақсатына жетті.
Пайдалы ақпараттық ресурстар