бөлімінің жоспарына сәйкес, 25 қараша күні Б.Майлин атындағы №3 орта мектептің ұйымдастыруымен, осы мектептің 60 жылдығына арналған «Ұлттық рух-ұрпақ тәрбиесінің арқауы» тақырыбында қалалық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жас мамандарға арналған семинар өтті.
Осы семинар басында Б.Майлиннің кабинетінің ашылу салтанатына білім бөлімінің басшысы Есламбек Жеңісұлы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, лентасын кесті.
Семинар бағдарламасына сәйкес сынып жетекшілері таным сағатын, өнеге сағатын, әдеби квест, поэзиялық кеш және сыныптан тыс көптеген іс-шаралар өткізді.
Іс-шаралардың мақсаты - оқушыларға ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын бойына сіңіре отырып, тілін, тарихын, мәдениетін білуге, өз ұлтын сүюге, ұлттық рухын көтеруге, туып өскен жерін құрметтеуге,ұлтжандылыққа, ізгілік пен парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталды.
Семинар соңы оқушылардың концерттік бағдарламасымен аяқталды. Семинар қатысушылардың оң пікірлерімен өз мақсатын
https://arkalyk.edu.kz/kz/janaliktar-basti-oral/8822-wergrthhfdge.html#sigFreeIdccccab4c80

